“Абай атындағы жалпы білім беретін мектеп” КММ
“Біртұтас тәрбие бағдарламасының Тәуелсіздік күніне орай “Көк тудың желбірегені” челленджі ұйымдастырылды.
“Абай атындағы жалпы білім беретін мектеп” КММ
“Біртұтас тәрбие бағдарламасының Тәуелсіздік күніне орай “Көк тудың желбірегені” челленджі ұйымдастырылды.
Отырар аудандық білім бөліміне қарасты "Абай атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ-де "Ахмет Байтұрсынұлы атындағы"Талдау"ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығы" АҚ ұйымдастырған "Мектептерге арналған PISA" зерттеуі өткізілді. Аталған зерттеу- экономикалық ынтымақтастықтың және даму ұйымының халықаралық стандарттарына сәйкес әзірленген жоба. Зерттеу 15 жастағы оқушылардың функционалдық сауаттылық деңгейін және қазіргі әлемде сыни тұрғыдан ойлау және өз білімдерін шығармашылықпен қолдану қабілетін бағалауды мақсат етеді. "Мектептерге арналған PISA" 2022 жылдан бастап жүргізіліп келеді және дәстүрлі бағалау бағыттары (оқу, математикалық және жаратылыстану сауаттылықтары) бойынша жүргізіледі.Оқушыларға РІSA тапсырмалары толық түсіндіріліп, мамандармен бірлесе отырып, мектеп психологтары да жұмыс жүргізді. Қазіргі таңда мектебімізде 33 оқушы "Мектептерге арналған PISA" тапсыру үстінде. Олар 9 және 10 сынып оқушылары. Оқушыларымызға сәттілік тілейміз!
Абай атындағы жалпы білім беретін мектепте "Қазақтың бүкіл тарихы- бірігу тарихы,тұтастану тарихы"тарих және география айлығы аясында 10.12 2024ж "Тарихыңды танып біл"тақырыбында білім жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкенің мақсаты оқушыларды пәнге деген қызығушылығын арттыру.Сонымен қатар оқушының тапқырлығы мен алғырлығын шыңдау мақсатында ұйымдастырылды.Оқушылар мен ұстаздар тарих пәнінен ұйымдастырылған сұрақтарға жауап беріп білімдерін көрсете білді.
Ұйымдастырушы тарих пәні мұғалімдері: Ертаев Қанат, Қуатбаева Толғанай
"Шежіре " тарих- география бірлестігінің Қазақтың тарихы- бірігу тарихы, тұтастану тарихы айлығы аясында 8а, 8ә сынып оқушылары арасында "Ұрпақ ұлттық ойынмен шыңдалады" тақырыбында мектебімізде тарих пәнінің мұғалімі Қ. Ертаевтың ұйымдастыруымен спорттық сайыс өтті. Оқушы бойына ұлттық ойын түрлерін дәріптеген және бірнеше турға бөлінген бұл сайыста "Қыран" тобы 85 ұпаймен "Алаш" тобынан басым түсті.Дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері Н.Нұрланұлы,Асанхан.Н,Бексұлтан.С,Ф.Серікұлы әділқазылық еткен сайыс өте тартысты өтті. Топ басшыларына арнайы мадақтама мен ойын барысында шапшаңдық, шеберлік танытқан топ мүшелеріне арнайы жүлделер табысталды.
Абай атындағы ЖББМде 9 желтоксан күні Бердалиев Нұрлан 9 а сынып окушыларымен " Анадан келген сезімге толы хат" тақырыбында сынып сағатын өткізді. Сабақтың мақсаты: Оқушылардың анаға деген сүйіспеншілігін сезімдерін дамыту, ана еңбегін бағалауға, құрметтеуге тәрбиелеу.
Отырар аудандық білім бөліміне қарасты Абай жббм-де 2024жылдың 3-желтоқсан күні 11ә сынып оқушыларының қатысуымен, педагог-психолог А. Тукешбаеваның ұйымдастыруымен, өзіне сенімсіз, мазасыз оқушыларды ҰБТ-ға дайындауда қажетті дағдыларды дамыту, мамандық таңдаудың адам өміріндегі маңыздылығын ұғындыру мақсатында "Мамандықтар әлемінде" тақырыбында тренинг өткізілді. Тренинг барысында "Қарлы кесек", "Мен де сен сияқты", "Ең-ең" жаттығулары жүргізілді. Кәсіби бағдар беру мақсатында заманауи жаңаша мамандық түрлерімен таныстырып, олардың атқаратын қызметтері туралы оқушыларды ақпараттандыру жұмыстары жүргізілді
Бүгінгі үлкен үзілісте яғни 5 желтоқсан күні Абай атындағы жалпы білім беретін мектептің 8ә сынып оқушылары асық ату ойынын ойнады. Асық ату – қазақ халқының ежелден келе жатқан ұлттық ойындарының бірі. Бұл ойын балалар мен жасөспірімдер арасында кең таралған, әсіресе ауылдық жерлерде аса танымал болған. Асық ойыны тек көңіл көтеру емес, сонымен бірге дене шынықтыру, көз мергендігін арттыру, шапшаңдық пен дәлдікті үйрететін тәрбиелік мәні зор ойын.
Асықтың маңызы мен тәрбиелік мәні:
Дене дамуы: Ойын барысында балалардың ептілігі, мергендігі, шапшаңдығы қалыптасады.
Ұлттық дәстүрді дәріптеу: Асық ойыны арқылы қазақ халқының салт-дәстүрлері мен мәдениеті жас буынға беріледі.
Топпен жұмыс: Балалар бір-бірімен қарым-қатынас орнатып, достықты нығайтады.
Абай атындағы жалпы білім беретін мектепте АББ хатына сәйкес мектеп директорының бейіндік оқыту ісі жөніндегі орынбасары Тұрсынбек Мейрамкүлдің ұйымдастыруымен мектепішілік " Адалдық марафоны" байқауы өтті.Байқауға ӘБ бойынша 9 мұғалім қатысты.Төрт бөлімнен тұратын сайыста қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы үгіт насихат жүргізетін презентация жасап қорғап, білімін тексеру үшін тест тапсырып, өз көзқарасын айқындайтын эссе жазды.Қорытындысы бойынша Ахмет К.-1 орын, Қуатбаева Т.- 2 орын, Құлбатыр Р.- 3 орынды иеленді.
2024 ж 04 желтоқсан күні Абай атындағы жалпы білім беретін мектебінің ұйымдастырушы педагогы Қожабекова Меруерттің ұйымдастыруымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы “Біртұтас тәрбие бағдарламасы”аясында “Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ” тақырыбында мұғалімдермен дөңгелек үстел өткізілді.
2024 ж 25 қыркүйек күні Абай атындағы жалпы білім беретін мектебінде “Біртұтас тәрбие бағдарламасы” аясында “Нашақорлық ғасыр дерті” тақырыбында 8-11сынып оқушылары арасында марафон өткізілді. Ұран: “Жастар арасында есірткі таратуға жол берілмесін!”
2024 ж 28 қараша күні Абай атындағы жалпы білім беретін мектебінде “Біртұтас тәрбие бағдарламасы” аясында “Нашақорлыққа жол жоқ” тақырыбында 5-8 сынып оқушылары арасында ұлттық ойындар жарысы болып өтті. Мақсаты: Оқушыларға әлемді алаңдатытып отырған нашақорлық, СПИД, арақ, темекі сияқты зиянды әдеттердің белең алып бара жатқандығын ескерте отырып, оны болдырмаудың алдын алуға тәрбиелеу. Оларды жаман әдеттерден сақтандыру.
Үлкен үзілісте оқушылар шахмат ойнады.
Бүгінгі үлкен үзіліс кезінде 7ә сынып оқушылары Абай атындағы жалпы білім беретін мектептің алаңында шахмат ойнады. Шахмат – логикалық ойлау қабілетін дамытуға арналған ойындардың бірі, сондықтан оны ойнауға балалар үлкен қызығушылық танытты. Оқушылар әртүрлі деңгейде ойынға қатысып, бір-бірімен жарысты. Ойынның барысында олардың ойлау жылдамдығы мен стратегияны жоспарлау дағдылары байқалды.
Үзіліс кезінде шахмат ойындары тек көңіл көтеріп, уақыт өткізу емес, сондай-ақ өзара достық қарым-қатынас орнатуға, командалық рухты дамытуға да ықпал етті. Оқушылар бір-біріне кеңес беріп, тәжірибе алмасты, бұл оларды бір-біріне жақындата түсті.
Шахмат ойыны тек ойлау қабілетіне ғана емес, сондай-ақ сабырлылық пен төзімділікке де үйрететіні белгілі. Сондықтан, бұл шара оқушылар үшін пайдалы әрі қызықты өтті. Мұндай ойындар мектептің үлкен үзілісінде оқушыларға пайдалы уақыт өткізуге мүмкіндік береді.