Отырар аудандық білім бөліміне қарасты Абай жббм-де 2025жыл 13-қаңтар күні мектеп психологы А.Тукешбаева балалар арасындағы аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу, бойындағы жеке қасиеттерін білуге тәрбиелей отырып, дұрыс қарым-қатынасқа түсу мәдениетін қалыптастыру мақсатында 4ә сынып оқушыларымен "Мен және менің ортам" тренингін өткізді.
Тренинг барысында "Сәлемдесу-"таныстыру", "Менің есімім - жеке қасиеттерім", "Отбасы - мектеп", "Қар қиыршықтары" жаттығулары жүргізіліп, оқушылардың мектепке деген мотивациясын анықтау мақсатында И.Лусканова бойынша сауалнама алынды.
Тренинг соңында балалар "Екі жұлдыз, бір тілек" кері байланысы арқылы алған әсерлерімен бөлісті.