Тіліңізді таңдаңыз

Абай атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

2026 жылғы 23 қыркүйек күні Абай атындағы жалпы білім беретін мектебінде тілдер айлығы аясында мектеп ұжымы мен 8–10 сынып оқушыларына көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған «Көңілді үзіліс» шарасы өткізілді.

Мектеп ұжымы үшін ұйымдастырылған бөлімде ұстаздар қызықты ойындарға қатысып, тапқырлықтары мен белсенділіктерін көрсетті. Көңілді тапсырмалар әріптестер арасында жағымды көңіл-күй қалыптастырып, ұжымдық ынтымақтастықты нығайта түсті.
8–10 сынып оқушыларына арналған бөлімде білім алушылар орыс тіліндегі ойындар мен тапсырмаларға белсене қатысып, тілдік білімдерін тәжірибе жүзінде қолданды. Оқушылар өздерінің шапшаңдығын, тапқырлығын және шығармашылық қабілеттерін көрсетті.
Шараның басты мақсаты – орыс тіліне деген қызығушылықты арттыру, тілдік дағдыларды ойын арқылы дамыту, мектеп ұжымы мен оқушылар арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту.
«Көңілді үзіліс» шарасын орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Жұмабай Замира және Омархан Ақбота ұйымдастырып өткізді.
Тілді үйрену – тек сабақ үстінде ғана емес, көңілді әрі еркін ортада да жалғасын табады. Осындай танымдық және қызықты шаралар мектеп өмірін жандандырып, оқушылардың білімге деген ынтасын арттыра түседі.