Түркістан облысы, Отырар ауданы, Абай атындағы жалпы білім беретін мектебінде “Зерделі ұлт-оқымысты ұлт” оқырмандар клубының бас қосуы қазақтың ұлы ақыны, педагог, ағартушы Мағжан Жұмабаевтың “Педагогика” еңбегіне арналады.
Мектеп директоры Әбдрайым А.Т бастауымен Мағжан Жұмабаевтың “Педагогика” еңбегіне талдау жүргізді. Талдау барысында “Педагогика” еңбегінің мазмұны, құрылымы және тәрбиелік мәні қарастырылды. Еңбекте баланың жан дүниесі, тәрбие мен оқыту мәселелері, ақыл-ой, мінез-құлық, сезім тәрбиесі және педагогтың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігі туралы айтылған ойлар талқыланды.
Қатысушылар еңбек мазмұнына өз пікірлерін білдіріп, Мағжан Жұмабаевтың педагогикалық көзқарастарының қазіргі білім беру үдерісімен үндестігіне тоқталды.
Мағжан Жұмабаевтың “Педагогика” еңбегіне жүргізілген талдау қатысушылардың ұлттық педагогика туралы білімдерін толықтырып, кітапты тереңірек оқып, оның мазмұнын білім беру тәжірибесімен байланыстыра қарастыруына мүмкіндік берді.





