Тіліңізді таңдаңыз

Абай атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

“Оқитын сынып” жобасы аясында 7 сынып оқушыларының Мұхтар Әуезовтің “Жетім” әңгімесі

Түркістан облысы,Отырар ауданы,Абай атындағы жалпы білім беретін мектебінде 18.09.26 ж “Оқитын сынып” жобасы аясында 7 сынып оқушыларының Мұхтар Әуезовтің “Жетім” әңгімесі бойынша әдеби - танымдық іс-шарасы өткізілді.
Мақсаты: Оқушыларға М.Әуезовтің”Жетім” шығармасының мазмұнын таныту, Қасымның тағдыры арқылы мейірімділік, адамгершілік, қамқорлық құндылықтарын дәріптеу.
Сахналық қойылым барысында оқушылар өздеріне берілген рөлдерді жауапкершілікпен орындап, кейіпкерлердің көңіл күйін жеткізуге тырысты.
Іс-шара соңында шығармашылық және аналитикалық тапсырмаларға”Кейіпкерлер әлемі”, “Автор орындығы” оқушылар белсенділік танытып, сұрақтарға жауап беріп ,өз ойларын еркін жеткізді.