Тіліңізді таңдаңыз

Абай атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

«Тіл және Ахмет Байтұрсынұлы мұралары» тақырыбында танымдық кітап көрмесі

Абай атындағы жалпы білім беретін мектепте тілдер айлығының қарсаңына
ТІЛ ЖӘНЕ АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ МҰРАЛАРЫ
📅 18 қыркүйек 2026 жыл
Тілдер айлығы аясында 8-сынып оқушылары арасында «Тіл және Ахмет Байтұрсынұлы мұралары» тақырыбында танымдық кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрменің мақсаты – оқушыларға ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығын кеңінен таныстыру, оның қазақ тіл біліміне, әдебиетіне және ұлттық мәдениетке қосқан өлшеусіз еңбегін насихаттау.
Көрме барысында оқушылар Ахмет Байтұрсынұлының өмір жолы мен шығармашылық мұрасымен, ғылыми еңбектерімен, қазақ тілін зерттеудегі жаңашыл бастамаларымен танысты. Кітаптар мен көрнекі материалдар арқылы оқушылардың ана тіліне деген сүйіспеншілігі мен ұлттық құндылықтарға деген құрметі артты.
🌿 Ахмет Байтұрсынұлының мұрасы – ұлт руханиятының асыл қазынасы.
Ана тілін ардақтау – әрбір ұрпақтың парызы.
Көрмені ұйымдастырып, жас ұрпаққа тағылымды бағыт-бағдар берген қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Шонтық Райхан мен Қойшыбай Гүлбазар