Түркістан облысы,Отырар ауданы,Абай атындағы Жалпы білім беретін мектебімізде 5-11 сынып оқушыларымен 07.09.2026 жыл 5 қыркүйек- ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының тұған күні және Қазақстан Халқының тілдер күніне орай “Тіл- халықтың жаны”тақырыбында әдеби танымдық іс- шара өткізілді. Мақсаты: Оқушыларға ана тілінің қадір-қасиетін түсіндіру,тілге деген құрметін арттыру.Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығын таныстыру,ғалымның қазақ тілі мен әдебиетіне қосқан үлесін насихаттау.Іс- шара барысында оқушыларға қазақ тілінің ұлт өміріндегі маңызы,тілдің халықтың тарихы мен мәдениетін сақтаудағы рөлі туралы мағлұмат берілді. Оқушылар қазақ тілі,орыс тілі және ағылшын тілінде өлеңдерді жатқа айтты.Сонымен қатар ойындарға қатысып өз білімдерін ортаға салды.