Абай атындағы жалпы білім беретін мектебінде 7 сәуір — Дүниежүзілік денсаулық сақтау күніне орай “Салауатты өмір салты -менің ұстанымым” атты сынып сағаттары және апталықта мектеп медбикесі оқушыларға денсаулықтың маңызы туралы жан - жақты мәліметтер жасады. Бұл апталықтың негізгі мақсаты – оқушылардың денсаулыққа деген көзқарасын қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттау және зиянды әдеттердің алдын алу болды.
Апталық барысында мектеп медбикесі Қожахмет Аманкүл апай оқушыларға денсаулықтың маңызы туралы кең көлемде баяндама жасады. Ол өз сөзінде дұрыс тамақтану, жеке бас гигиенасы, күн тәртібін сақтау және дене белсенділігінің адам ағзасына пайдасы жайлы түсіндірді. Сонымен қатар, әртүрлі жұқпалы аурулардың алдын алу жолдары мен иммунитетті күшейтудің маңыздылығына тоқталды.
Сынып жетекшілері де сынып сағаттарын өткізіп, оқушылармен бірге денсаулықты сақтау жолдарын талқылады. Оқушылар өз ойларын ортаға салып, зиянды әдеттердің (темекі, алкоголь, энергетикалық сусындар) адам өміріне тигізетін кері әсері туралы пікір алмасты.
Денсаулық – адам өміріндегі ең басты құндылықтардың бірі. Сондықтан әрбір адам өз денсаулығына жауапкершілікпен қарап, дұрыс өмір салтын ұстануы қажет. Уақытылы тамақтану, спортпен айналысу, таза ауада серуендеу және жеткілікті демалу – денсаулықты нығайтудың негізгі кепілі болып табылады.
Осындай іс-шаралар оқушылардың денсаулық туралы білімін арттырып қана қоймай, олардың болашақта саналы әрі салауатты өмір сүруіне жол ашады.
«Таза Қазақстан» республикалық акциясы
27.03.2026жыл
«Абай атындағы жалпы білім беретін мектебінде «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды.
Акцияның негізгі мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және қоғам мүшелерінің тазалыққа деген жауапкершілігін арттыру.
Сенбілік барысында мектеп ауласы тазартылып, көшеттер отырғызылды,, ағаштар әктелді, аумақ абаттандырылды.
Абай атындағы жалпы білім беретін мектебінде көктемнің жарқын мерекесі – “Қош келдің, Әз Наурыз!” атты мерекелік іс-шара жоғары деңгейде аталып өтті.
Іс-шара барысында оқушылар мен ұстаздар қазақ халқының бай салт-дәстүрлерін кеңінен насихаттап, ұлттық құндылықтарды дәріптеді. Көріністер қойылып, ұлттық ойындар ойнатылып, әсем әндер шырқалып, мың бұралған билер орындалды.
Мерекелік кештің басты мақсаты – жас ұрпақтың бойына ұлттық рух пен салт-дәстүрге деген құрметті қалыптастыру болды.
Наурыз – жаңару мен бірліктің, береке мен молшылықтың мерекесі.
Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен құттықтаймыз! Ақ мол болсын, жылымыз берекелі болсын!
14 наурыз «Көрісу күні»
Бұл күн – адамдардың бір-бірімен амандасып, өкпе-ренішті ұмытып, жақсылық тілейтін күні.
«Көрісу – амандықтың белгісі»
Мақсаты:
Оқушыларға Көрісу күнінің маңызын түсіндіру, ұлттық дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге үйрету.
7 «ә» сыныбында өткізілген іс-шара.
Баршаңызды «Көрісу» күнімен құттықтаймыз.
Ынтымағымыз, бірлігіміз арта берсін.
7«Ә» сынып жетекшісі: Айсақалова Гулдар
7а сыныбында 14 наурыз – Көрісу күніне орай тәрбиелік іс-шара өткізілді. Бұл күн – адамдардың бір-бірімен қауышып, амандық-саулық сұрасатын, үлкенге құрмет көрсетіп, ізгі тілектер айтатын ерекше дәстүрлі мереке.
Іс-шара барысында оқушылар Көрісу күнінің мәні мен маңызы туралы мәлімет алып, бір-біріне жылы лебіздерін білдіріп, татулық пен сыйластықтың қадірін түсінді. Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету – халқымыздың асыл қасиеттерінің бірі екені айтылды.
Мақсаты – оқушылардың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру, салт-дәстүрімізді дәріптеу және бірлік пен достыққа тәрбиелеу.
Баршаңызды Көрісу күнімен құттықтаймыз! Ақ мол болсын, жылымыз берекелі болсын!
7а сынып жетекшісі: Арынова Салтанат
Біртұтас тәрбие «Өнегелі 15 минут» бойынша жобада Абай атындағы жалпы білім беретін мектептің 7а сынып жетекшісі Арынова Салтанаттың ұйымдастыруымен Дәрібаев Ерлан отбасындағы Керімбай Бағжан мен Тоғжанның әжесі Ахметова Оралкүл апамыз «Ұлыстың Ұлы күні -Наурыз» тақырыбында өткен 15 минут. «Өнегелі – 15 минут» барысында немерелеріне Наурыз мерекесінің шығу тарихы, маңызы және қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы түсінік берілді. Наурыз – жаңару мен жақсылықтың, береке мен бірліктің мерекесі. Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
Абай атындағы жалпы білім беретін мектебінде Біртұтас ұлттық тәрбие бағдарламасы аясында 7 «Ә» сынып оқушылар арасында ұлттық ойын «Орамал тастау» ойыны ойналды.
«Орамал тастау» – қазақтың ұлттық ойындарының бірі. Ол көбіне балалар мен жастар арасында ойналады.
Шығу тегі
«Орамал тастау» ойыны қазақ халқының ертеден келе жатқан дәстүрлі ойындарының бірі. Бұл ойын ауыл кештерінде, мерекелерде, алтыбақан басында жастардың көңіл көтеруі үшін ойналған. Ойын арқылы жастар бір-бірімен танысып, шапшаңдық пен байқампаздықтарын сынаған.
Мақсаты
Ойынның негізгі мақсаттары:
Балалардың шапшаңдығын, ептілігін дамыту
Зейінін, байқампаздығын арттыру
Ұжыммен ойнауға, достыққа тәрбиелеу
Қазақтың ұлттық дәстүрін, мәдениетін таныту
Ойын арқылы көңіл көтеру және сергіту.
Дайынған сынып жетекшісі: Айсақалова Гүлдар
Абай атындағы жалпы білім беретін мектебінде Біртұтас ұлттық тәрбие бағдарламасы аясында үлкен үзілісте 7 «А» сынып оқушылары арасында «Арқан тартыс» ұлттық ойыны ұйымдастырылды.
Аталған ойынның мақсаты – оқушыларды бірлікке, ұйымшылдыққа, күш-жігер мен төзімділікке тәрбиелеу, сондай-ақ ұлттық ойындар арқылы ата-бабамыздан қалған салт-дәстүрді дәріптеу.
Оқушылар ойын барысында белсенділік танытып, өзара достық пен татулықтың үлгісін көрсетті. Ұлттық ойындар жас ұрпақтың ұлттық рухын көтеріп, салауатты өмір салтын қалыптастыруға үлкен ықпал етеді. Сынып жетекшісі: Арынова Салтанат
Абай атындағы жалпы білім беретін мектепте “Шабыт шыңы” тақырыбында ерекше өнер фестивалі өтті. Бұл шара оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, өнерге деген қызығушылығын арттыруға бағытталды.
Бүгінгі өнер додасына арнайы ауданнан келген, өнер мен мәдениет саласында тәжірибесі мол, өз ісінің білікті мамандарынан құралған әділ-қазылар алқасы төрелік етті. Аудандық білім бөлімі, әбістемелік кабинет әдіскері Амангелдиев Бақытбек, Абдрахманова Сәуле - балалар мен жасөспірімдер орталығы педагог ұйымдастырушы, Ахауова Айгерім - балалар мен жасөспірімдер орталығы мәдени іс-шара ұйымдастырушысы төрелік етті.
Фестиваль барысында оқушылар ән айтып, би билеп, көркемсөз оқып, түрлі сахналық қойылымдар көрсетті. Әрбір өнер көрсетілімінде оқушылардың таланты мен еңбегі айқын байқалды. Көрермендер де жас өнерпаздардың өнеріне тәнті болып, зор ықыласпен қолдау көрсетті.
Өнер – адамның жан дүниесін байытып, рухани әлемін кеңейтетін құндылық. Осындай шаралар арқылы оқушылар өз қабілеттерін ашып, өнердің биік шыңына ұмтылуға мүмкіндік алады.
"Болашақ мемлекеттік қызметші"
Түкістан облысы Отырар ауданы Абай атындағы жалпы білім беретін мектептің кәсіби бағдар беру маманы Қыпшақбаева Гүлдаштың ұйымдастыруымен "Үздік мемлекеттік қызметші" ашық есік күні аясында мектеп оқушыларын Қарақоңыр ауыл әкімшілігі мен мәдениет үйіне алып барып дөңгелек үстел форматында тағылымды кездесу ұйымдастырды.
Мақсаты: Оқушыларды мемлекеттік қызметтің маңыздылығын таныстыру, мемлекеттік қызметшілердің қоғамдағы рөлі мен жауапкершілігін түсіндіру, жастарға кәсіби бағдар беру және елге қызмет етуге тәрбиелеу.
Кездесуге ауыл әкімі Олжатай Шерхан мен мәдениет үйінің меңгерушісі МаханбетТұрсынбек қатысып мемлекеттік қызметтің маңызы мен жауапкершілігі туралы мазмұнды әңгіме өрбітті. Кездесу барысында мамандар өздерінің қызмет жолы мен тәжірибесі туралы айтып, мемлекеттік қызметтің қоғамдағы рөлі, елге адал қызмет етудің мәні жайында ойларымен бөлісті. Сонымен қатар оқушылар өздерінің толғандырған сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптарын алды.
Ел ертеңі - білімді де білікті, өз кәсібін сүйетін жастардың қолында!
1 наурыз – Алғыс айту күніне арналған “Жақсылық жасап жарысайық” қайырымдылық акциясы
1 наурыз – елімізде ерекше мейірім мен ризашылыққа толы мереке – Алғыс айту күні. Бұл күн 2016 жылдан бастап елімізде ресми түрде аталып өтуде. Алғыс айту күні – адамдардың бір-біріне құрмет білдіріп, ризашылығын жеткізетін, бірлік пен татулықты дәріптейтін ізгі мереке.
Осы айтулы күнге орай Отырар ауданы Абай атындағы жалпы білім беретін мектебіміздің бастауыш сынып ұстаздары мен оқушыларының қатысуымен “Жақсылық жасап жарысайық” атты қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Акцияның негізгі мақсаты – әлеуметтік осал топтағы, көпбалалы және толық емес отбасыларға қолдау көрсету, оқушылардың бойында мейірімділік, жанашырлық, қамқорлық сезімдерін қалыптастыру.
Акция барысында оқушылар ата-аналарымен бірлесе отырып, азық-түлік, тұрмыстық қажетті заттар, мектепке керек-жарақтар жинады. Әр сынып игі іске белсене атсалысып, қайырымдылықтың шынайы үлгісін көрсетті. Балалардың жүректен шыққан жылы лебіздері мен ықыласы – нағыз Алғыс айту күнінің мәнін айқындады.
“Жақсылық жасап жарысайық” акциясы – тек көмек көрсету ғана емес, ол – бала жүрегіне ізгілік дәнін себу. Осындай шаралар арқылы біз оқушыларға жақсылық жасаудың үлкен бақыт екенін түсіндіреміз.
Қайырымдылық қорындағы заттар Шәмші ауылының әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы 11 отбасыға жеткізілді.
Жақсылық жасау – жүректен басталады.
Баршаңызды мейірімділік пен қайырымдылыққа шақырамыз!