Абай атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

“Жақсылық жасап жарысайық”

1 наурыз – Алғыс айту күніне арналған “Жақсылық жасап жарысайық” қайырымдылық акциясы

1 наурыз – елімізде ерекше мейірім мен ризашылыққа толы мереке – Алғыс айту күні. Бұл күн 2016 жылдан бастап елімізде ресми түрде аталып өтуде. Алғыс айту күні – адамдардың бір-біріне құрмет білдіріп, ризашылығын жеткізетін, бірлік пен татулықты дәріптейтін ізгі мереке.

Осы айтулы күнге орай Отырар ауданы Абай атындағы жалпы білім беретін мектебіміздің бастауыш сынып ұстаздары мен оқушыларының қатысуымен “Жақсылық жасап жарысайық” атты қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Акцияның негізгі мақсаты – әлеуметтік осал топтағы, көпбалалы және толық емес отбасыларға қолдау көрсету, оқушылардың бойында мейірімділік, жанашырлық, қамқорлық сезімдерін қалыптастыру.

Акция барысында оқушылар ата-аналарымен бірлесе отырып, азық-түлік, тұрмыстық қажетті заттар, мектепке керек-жарақтар жинады. Әр сынып игі іске белсене атсалысып, қайырымдылықтың шынайы үлгісін көрсетті. Балалардың жүректен шыққан жылы лебіздері мен ықыласы – нағыз Алғыс айту күнінің мәнін айқындады.

“Жақсылық жасап жарысайық” акциясы – тек көмек көрсету ғана емес, ол – бала жүрегіне ізгілік дәнін себу. Осындай шаралар арқылы біз оқушыларға жақсылық жасаудың үлкен бақыт екенін түсіндіреміз.

Қайырымдылық қорындағы заттар Шәмші ауылының әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы 11 отбасыға жеткізілді.

Жақсылық жасау – жүректен басталады.

Баршаңызды мейірімділік пен қайырымдылыққа шақырамыз!