Тіліңізді таңдаңыз

Абай атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

БІРЫҢҒАЙ СЫНЫП САҒАТЫ

Абай атындағы жалпы білім беретін мектебінде
БІРЫҢҒАЙ СЫНЫП САҒАТЫ
Тақырыбы:
«Қазақстан Республикасының Конституциясы – адал азамат, зерделі ұлт және жауапты қоғам қалыптастырудың берік негізі»
Мақсаты:
Білім алушыларға Қазақстан Республикасының Конституциясы – елдің тұрақтылығы мен дамуының, азаматтардың құқықтары мен міндеттерінің басты кепілі екенін түсіндіру. Оқушылардың бойында білімге ұмтылу, адал еңбек ету, заңды құрметтеу және оны бұлжытпай орындау, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау, ел болашағына бейжай қарамайтын белсенді азаматтық ұстаным қалыптастыру.
Міндеттері:
- Конституцияның қоғамдағы маңызын түсіндіру;
- Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру;
- Адалдық пен еңбекқорлық құндылықтарын дәріптеу;
- Заңды құрметтеуге және өз міндеттерін жауапкершілікпен орындауға тәрбиелеу;
- Туған жерге, елге және қоршаған ортаға қамқорлықпен қарауға баулу;
- Оқушылардың ел болашағына деген жауапкершілігін арттыру.