Абай атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

14 наурыз – Көрісу күні. 7 а сынып

7а сыныбында 14 наурыз – Көрісу күніне орай тәрбиелік іс-шара өткізілді. Бұл күн – адамдардың бір-бірімен қауышып, амандық-саулық сұрасатын, үлкенге құрмет көрсетіп, ізгі тілектер айтатын ерекше дәстүрлі мереке.

Іс-шара барысында оқушылар Көрісу күнінің мәні мен маңызы туралы мәлімет алып, бір-біріне жылы лебіздерін білдіріп, татулық пен сыйластықтың қадірін түсінді. Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету – халқымыздың асыл қасиеттерінің бірі екені айтылды.

Мақсаты – оқушылардың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру, салт-дәстүрімізді дәріптеу және бірлік пен достыққа тәрбиелеу.

Баршаңызды Көрісу күнімен құттықтаймыз! Ақ мол болсын, жылымыз берекелі болсын!

7а сынып жетекшісі: Арынова Салтанат

#адал_азамат_біртұтас_тәрбие