Абай атындағы жалпы білім беретін мектебінде 1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиын ұйымдастырылды.
Мерекелік жиынға мектеп ұжымы, оқушылар, ата-аналар, ауылымыздың қадірлі қонақтары мен ардагер ұстаздар қатысты.
Іс-шара барысында алғашқы құттықтау сөз мектеп директоры Әбдрайым Ахмет ағайға беріліп, жаңа оқу жылына ізгі тілектер айтылды. Сонымен қатар ауыл әкімі Олжатай Шерхан мырза және аудандық білім бөлімінің бастығы Сапарова Гүлбану апай мектеп ұжымы мен оқушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, білім жолында сәттілік тіледі.
Мектептің білім мен тәрбие саласына сан жылдарын арнаған ардагер ұстаздарымызға да сөз беріліп, олардың жүрекжарды ақ тілектері мен баталары тыңдалды.
Салтанатты жиын барысында мектеп табалдырығын алғаш аттаған 1-сынып оқушыларына ерекше құрмет көрсетіліп, білім әлеміне алғашқы қадамдарына сәттілік тілектер айтылды.
Мерекелік шара барысында оқушылардың орындауында әндер мен тақпақтар айтылып, мектеп өмірінің маңыздылығы мен білімнің адам өміріндегі орны кеңінен насихатталды.
Жиын соңында жаңа оқу жылына арналған алғашқы қоңырау соғылып, білім ордасында жаңа оқу жылының алғашқы сабағына жол ашылды.
Жаңа оқу жылы барша ұстаздар мен оқушыларға шығармашылық табыс, мол жетістік, биік белестер әкелсін!
Білімді ұрпақ – ел болашағы!
# АдалАзамат





