Тіліңізді таңдаңыз

Абай атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

«СЕНІМДІ ДОС» бағдарламасы аясында ақпараттандыру жұмыстары

Түркістан облысы Отырар ауданының білім бөліміне қарасты «Абай атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ-де балалар арасындағы суицидтік мінез-құлықтың алдын алуға бағытталған «СЕНІМДІ ДОС» бағдарламасы аясында ақпараттандыру жұмыстары жүргізілді.
Алдын алу бағдарламасына мектеп әкімшілігі, педагог-психолог, әлеуметтік педагог, сынып жетекшілері және педагогтар, медбике, кіші қызметкерлер, кітапханашы қатысты.
Бағдарламаның негізгі мақсаты – білім беру ұйымы қызметкерлерінің оқушылардың эмоционалдық жағдайындағы өзгерістерді дер кезінде байқап, суицидтік қауіптің негізгі белгілерін анықтауына, дағдарыстық жағдайда дұрыс әрі қауіпсіз әрекет ету алгоритмін меңгеруіне және өз кәсіби міндеттері мен жауапкершілік шегін түсінуіне ықпал ету.
Кездесу барысында оқушылардың психологиялық көңіл күйін бақылау, мінез-құлқындағы өзгерістерге назар аудару, эмоционалдық қиындықтар мен дағдарыс белгілерін ерте анықтау мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар балаға қолдау көрсету кезінде сенімді қарым-қатынас орнатудың, оны мұқият тыңдап, түсіністік танытудың маңыздылығы айтылды.
Қиын жағдайға тап болған оқушыға қажетті көмекті уақытылы ұйымдастыру, тиісті мамандарға бағыттау және білім алушының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша педагогтердің атқаратын рөлі ерекше аталып өтілді.
Сондай-ақ мектепте әрбір білім алушы өзін қауіпсіз әрі қолдау бар ортада сезінуі үшін қолайлы психологиялық ахуал қалыптастырудың маңыздылығы атап өтілді. Балаға көрсетілген дер кезінде қолдау, жылы қарым-қатынас және түсіністік оның қиындықтарды еңсеруіне үлкен септігін тигізеді.
Бала қауіпсіздігі – баршамызға ортақ жауапкершілік!