«Абай атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша «Жасөспірім» жедел – профилактикалық» іс-шарасы барысында Отырар АПБ-нің қызметкерлердің қатысуымен кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, интернеттік алаяқтықтан сақтану және көлік жүргізу, мопед т.б жеңіл көліктерді басқармаудың алдын алу аясында 8-11сыныптар арасында жалпы жиын болып өтті.
Жиынға қатысушылар: Мектеп директоры: А.Әбдрайым, ДТІЖО: Қ.Батырбек, педагог психолог З.Тулегенова, 8-11сынып оқушылары және сынып жетекшілерлер.
Күн тәртібінде: Отырар АПБ ККБ ЮПТ-нің инспекторы полиция аға лейтенанты Н.Төлеген-нің қатысуымен кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу интернеттік алаяқтықтан сақтану және көлік жүргізу, мопед т.б жеңіл көліктерді басқармаудың алдын алу аясында, 8-11сыныптар арасында жалпы түсіндірме жұмыстары туралы .
Тыңдалды: Отырар АПБ ККБ ЮПТ-нің инспекторы полиция аға лейтенанты Н.Төлеген кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылық бойынша орын алған оқыс оқиғалар жөнінде баяндап өтті. Мектеп оқушыларының жеңіл көліктерді , мопед, электроскутерді басқармау жөнінде түсіндіріп өтті. Кешкілік сағат 22.00 ден кейін заңды өкілсіз көшеде, ойын-сауық орындарында болмауын ескертті. Арнайы рейд кезінде осы аталған оқиғалар орын алған жағдайда әкімшілік хаттама толтырылып, ата-анасына айыппұл салынатындығын және АПБ-не есепке алынатындығын қатаң ескертіп өтті. Сонымен қатар аудан көлемінде орын алып жатқан кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстар жөнінде атап өтіп, оларға қолданылған шараларға тоқталды. Оқушылардың сабақтан кешікпеуін, себепсіз сабақтан қалмауын және де сабақтан себепсіз 10 күн қалған оқушы арнайы есепке алынатындығын ескертіп өтті. Сонымен қатар күзгі маусым кезінде төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын айтып өтті.





