Тіліңізді таңдаңыз

Абай атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

Қазақ, орыс және ағылшын тілдері айлығы

2026 жылғы 7 қыркүйек күні Абай атындағы жалпы білім беретін мектебінде Қазақ, орыс және ағылшын тілдері айлығы салтанатты түрде ашылды.
✨ Айлықтың негізгі мақсаты – оқушылардың тіл үйренуге деген қызығушылығын арттыру, үш тілде еркін сөйлеуге ынталандыру, ана тілімізді құрметтеуге және өзге тілдерді меңгеруге баулу.
🇰🇿 Қазақ тілі – ұлттың рухы,
🇷🇺 Орыс тілі – білім мен мәдениет тілі,
🇬🇧 Ағылшын тілі – әлемдік мүмкіндіктер тілі.
Айлықтың ашылу барысында оқушылар үш тілде өлеңдер оқып, ән айтып, тілге байланысты жасынды интеллектпен жасалған видеолар көрсетіліп, ойындар ойнатылды.
🎉 Алдағы күндері оқушылар үшін түрлі танымдық сайыстар, интеллектуалдық ойындар, шығармашылық байқаулар мен қызықты іс-шаралар ұйымдастырылады.
Тіл – халықтың жаны. Тілді құрметтеу – ұлтты құрметтеу!