«Тіл – халықтың жаны» атты тілдер айлығы аясында «Достық жәрмеңкесі» өтті!
Іс-шараны орыс тілі және ағылшын тілі пәндерінің мұғалімдері Тұрсынбаев Р., Ибрагимов Е., Жақсыбек Ж., Омархан А. ұйымдастырып өткізді.
Жәрмеңке барысында оқушылар өз қолдарымен дайындаған түрлі тағамдар мен тәттілерін ұсынып, өзара тәжірибе бөлісті. Оқушылардың шығармашылығы, ұйымшылдығы мен белсенділігі ерекше байқалды.
5–6 сынып оқушылары іс-шараға өте белсенді қатысып, өздерінің тапқырлығы мен өнерлерін көрсетті. Жәрмеңке барысында оқушылар бір-біріне қолдау көрсетіп, достық қарым-қатынасты нығайтып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Осындай іс-шаралар оқушылардың тілге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, достыққа, ынтымақтастыққа, бірлікке және өзге мәдениеттерді құрметтеуге тәрбиелейді.
Тіл – достықтың дәнекері, халықтарды біріктіретін алтын көпір!





