14.12.2024 жыл
Отырар ауданының мәдениет,тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен,Абай атындағы жалпы білім беретін мектеп базасында баскетболдан 2012-2013 жылы туылған жасөспірім ұлдар арасында ұлағатты ұстаз, спорт жанашыры Құрманбеков Қалдыбек Сейпінұлын еске алуға арналған облыстық турнир өткізілді .Отырар ауданы спорт бөлімінің басшысы М.Қашқынов ашып беріп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Жалпы турнирге облысымыздың Арыс, Отырар, Шардара, Сарағаш,Келес, Қазығұрт, аудандарынан баскетболды серік еткен жас спортшылар қатысты. Сайдың тасындай іріктелген командалардың ойыны тартысты өтіп, қол добын шебер меңгерген жасөспірімдер үздіктер қатарынан көрінуге барын салуда.
1 күнге жоспарланға облыстық турнирдің жеңімпаздары:
3-орын Отырар
2-орын Арыс
1-орын Отырар 2 Абай жббм
Жүлдегер командаларға арнайы дипломдар мен медальдар, кубоктар және естелік сувинерлер табысталып, марапатталды.