Абай атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

"Көңілді үзіліс"

Абай атындағы жалпы білім беретін мектепте қараша-желтоқсан айларында "Шежіре" тарих-география, "Тіршілік" химия- биология пәндерінің айлығы болды. Тарих-география пәндерінің тақырыбы"Қазақтың тарихы-бірігу, тарихы, тұтастану тарихы". Айлық барысында пән мұғалімдерінің ашық сабақтарымен, сайыстары, ұлттық спорттық жарыстар, патриоттық әндер байқауы өтті.

Пән мұғалімдері Ертаев Қ., Айтураева А., Қуатбаева Т., Досимова Г. Ибрагимова Р., сабақтарында жаңаша әдіс- тәсілдерді, жасанды интелектті тиімді пайдаланып, оқушылардың еркін ойын жеткізуге, еркін жұмыс жасауына мүмкіндік берді. Ақпараттық технологияларды тиімді пайдаланып STEM кабинетінде түрлі ашық сабақтар өткізілді.

Ұстаздар мен оқушылар арасында "Көңілді үзіліс", "Тарихыңды танып біл" тақырыбында білім жәрмеңкесі өткізілді.

Айлықтың қорытынды кешін 8 сынып жетекшісі Абуова Гүлшат " Тәуелсіздік деп соғады дүрегім" деген тақырыпта ашық тәрбие сағатын өткізді. Оқушылар желтоқсан құрбандарын еске алу мақсатында көрініс көрсетті, өлеңдер оқып, ән шырқады.