Абай атындағы жалпы білім беретін мектебінде 5 қазан ұстаздар мерекесіне орай, мектебіміздің өзін-өзі басқару ұйымы "Ұстаз-ұлы тұлға" атты мерекелік концерт ұйымдастырды.
Абай атындағы жалпы білім беретін мектебінде 5 қазан ұстаздар мерекесіне орай, мектебіміздің өзін-өзі басқару ұйымы "Ұстаз-ұлы тұлға" атты мерекелік концерт ұйымдастырды.
Отырар ауданының білім бөліміне қарасты Абай атындағы жалпы білім беретін мектебінде “Біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясында ДТІЖО Қ.Батырбектің ұйымдастыруымен 18.09.2024ж күні “Балаларды бірге қорғайық” тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы болып өтті.
Күн тәртібінде:
Ата-аналарды мектептің ішкі тәртіп ережелерімен таныстыру.
Оқушылар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу (көлік айдамау, мопед, түнде жүрмеу, ұялы телефон, сағат, алқа, бояну)
”Буллинг”, “Кибербуллинг” туралы ата-аналарды түсіндіру жұмыстары.
Ата-аналар комитетінің жаңа құрамын сайлау.
Әкелер, әжелер, аналар, жеңгелер кеңесінің мүшелерін сайлау.
ҰСТАЗДАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН «ДУБЛЕР КҮНІ» ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗІН- ӨЗІ БАСҚАРУ КҮНІН ӨТКІЗУ ЕРЕЖЕЛЕРІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
мектеп парламенті «Өзін- өзі» басқару ұйымының кезекті отырысы өтті. Отырыстың күн тәртібінде қаралған мәселелер:
1. Ұстаздар күніне арналған «Дублёр күні» оқушылардың өзін-өзі басқару күнінің өткізу ережелері оның мақсатын, міндеттерін, өткізу нысаны мен тәртібін анықтау;
2. Дублёр күніне қатысушылар: педагогтер мен әкімшілік дублёрлері – 5-11 сынып оқушыларына
Дублёр күніне арналған арнайы хаты және ережесімен мектеп паламентінің фракция жетекшілері мен мүшелеріне таныстырды. Дублёр күніне мектеп қызметкерлерінің рөліне үміткерлерді таңдауға, мектеп парламенті көшбасшыларының құрамы анықталып, пысықталды. Мектеп президенті фракция жетекшілеріне , жоспар бойынша бағыт бағдар мен қосымша тапсырмалар берілді.
Абай атындағы жалпы білім беретін мектебінде 3 қазан күні, 7-11 сынып оқушылары арасында "Лудомания" қоғам дерті тақырыбында жиналыс өткізілді.
Лудомандар – құмар ойынның шырмауына түскен адамдар. Казино мен букмекерлік компаниялар жұмысы барынша қарқынды дамыған кезден бері «лудомания» деген термин кеңінен қолданыла бастады. Аурулардың халықаралық классификациясы бойынша лудомания аурулар тізіміне енгізілген. Құмар ойынның соңына түскендер дүние-мүлкінен айырылғаны өз алдына, ажырасып, дымсыз қалып жатады. Мұндай жағдай Қазақстан қоғамына да таңсық емес.
"Біртұтас тәрбие" бағдарламасының жоспарына сәйкес Ұстаздар мерекесіне орай өскелең ұрпақтың ұстаздарға деген құрметі мен сүйіспеншілігін арттыру мақсатында республикалық "Даналық ұстаздан" челленджіге Абай атындағы жалпы білім беретін мектебінің 7-11 сынып оқушылары бір уақытта "Ұстазым" әнін орындады.
Абай атындағы жалпы білім беретін мектепте 1 қазаннан бастап қазақ , орыс және ағылшын тілі пән бірлестіктерінің айлығы басталды. Тақырыбы : “ Тіл тірегіміз, соғып тұрган жүрегіміз”.Айлық домбыра үйірмесінің жетекшісі Кожабекова Айжан апайдын ұйымдастыруымен домбырашылардың күй тартуымен ашылды. Оқушылар үш тілде өлең оқып , ән айтты. Үш бірлестіктің жетекшілері Шонтық Р, Жұмабай З,Ахмет К оқушыларды айлық кезінде өтетін іс - шараларға белсене қатысуға, өз білімдерін көрсетуге шақырды
1 Қазан Халықаралық қарттар күні мерекесіне орай Абай атындағы жалпы білім беретін мектепте “Қарттарым, аман-сау жүрші” тақырыбында мерекелік іс-шара болып өтті.
Ескінің өзін, көненің көзін көрген асыл қарттарымыз қашанда қазақ үшін ортаймас қазына. “Қарты бар үй-қазыналы үй. Шын қазына-қарттардың асылдай сақтап келген әңгімелері мен олардың көрсеткен үлгі өнегелері. Әсем жүздеріндегі әр әжімі-тарихтан сыр шертетін шерлі шежіре, әңгімелері-көненің күмбезіндей жыр-дастан.
Қазыналы қарттарымыздың құрметіне орай ауылымыздың мәдениет үйінде қарттармен жүздесу болып өтті. Мерекелік іс-шарны бастамас бұрын сөз кезегін ауыл әкімшілігінің бас маманы Е.Қалымбетов, мектеп басшысы Қ.Батырбек және ауылымыздың ардагері Б.Әбдешбеков, ата-аналар кеңесінің төрайымы Момбек Айман апайлар сөз сөйлеп, іс-шараны ашып берді. Мектеп оқушылары өз өнерлерін көрсетті. Қарияларға ән, жыр арнап,көңілдерін бір серпілтіп тастады. Соңында ауыл қариялары, ардагер ұстаздар мерекелік іс-шараны ұйымдастырушыларға өз ризашылықтарын білдірді.
Абай жалпы білім беретін мектеп базасында 1 қазан күні " Зерделі" оқу орталығының ережесі негізінде 5-6 сынып оқушылары арасында математика пәнінен мектепішілік " Алтын сақа" олимпиадасы өтті. Олимпиада барысында мектеп директорының орынбасары Тұрсынбек Мейрамкүл басшылық жасап, пән мұғалімдері Ұ.Жапбарова мен Г.Зулбухаровалар оқушылардың математикалық білімдерін саралай отырып, жеңімпаздарды анықтады.
Абай атындағы жалпы білім беретін мектебінде 26.09.2024ж “Балалықтан даналыққа” тақырыбында, ұстаз, тарихшы, автор, лектор Сейілбек Мырзабай мырзамен кездесу өтті.
Кездесуге мектеп басшылығы, мұғалімдер және ата-аналар қатысты.
Жиында сөз сөйлеген автор қазақтың ертегі, қиссаларын, классикалық құндылықтарын бойына сіңіріп өскен бала өмірге, білімге, қай бағытқа, қай салаға, қай ғылымға салсаңызда түбі бір жерді тесіп шығатынына көзі жетіп, тәжірибесінде пайдалана бастағанын, аталған тәжірибе оң нәтиже бере бастаған соң, кітаптың жазылуына себеп болды деп басылымның мазмұнына тоқталды.
Абай атындағы жалпы білім беретін мектебінде 25 қырқүйек күні Қазақстан Республикасының Призиденті Қ.Тоқаевтың жыл сайынғы халыққа жолдауларын насихаттауға жас жеткіншек ұрпақты Отансүйгіштікке ұлттық құндылықтарды қадірлеу ,тәрбиелеу мақсатында “Мәдени мұра - Мәңгілік мұра “ тақырыбында білім алушылармен саяхат сабақ өтілді .Мектебіміздің мұражай жетекшісі Көбекова Забира апайымыз оқушыларға мектеп мұражайының тарихы мен заттарын және де дарынды,дара тұлға,данышпан Абайдың шежіресімен таныстырды .
Абай атындағы ЖББМ 2024-2025 оқу жылыңың 9- 11 қыркүйек күндері 5-11 сынып аралығында "Адалдық сағаты" аясында сынып сағаттары өткізілді. "Адалдық-ардың ісі", "Адалдық-адамдық белгісі","Адалдық пен адамгершілік", "Адал ұрпақ, саналы білім, табысты ел" т. б. тақырыбында өткізілді. Сынып сағатының мақсаты: Жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру арқылы адамдық, адалдық қасиеттері қалыптастыру. Оқушылар тәрбие сағатында өз бойларына шыншылдық, адалдық, әділдік қасиеттерін қалыптастыра білді .
09.09.2024ж күні Абай атындағы жалпы білім беретін мектептің ұйымдастырушы педагогы Қожабекова Меруерттің ұйымдастыруымен “Сау бол,жүз жаса” тақырыбында сергіту сәті іс-шарасы аясында 7-11 сынып оқушыларымен жоспарға сәйкес, үлкен үзілісте дене сергіту жаттығулары жасалды.
Мақсаты: бала ағзасын ояту, оны әрекетшіл қалыпқа келтіру, жан-жақтылыққа және де жүрек, өкпе, тыныс жолдары қызметін белсендіру, тұлғаның дұрыс, жүрістің жақсы қалыптасуына ықпал ету.