"Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында 19 қазан күні "Абай атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша "Мектеп Президентін" сайлауы өтті. Мақсаты: Оқушылардың білімге құштарлығын арттыру, өзін-өзі басқару жұмысына жетелеу, ұжымдық жауапкершілікті сезіне білуге қалыптастыру. Оқушының дүние танымын, жан-жақты ойлау қабілетін, ой-өрісін дамыту, көп ізденуге , бірін-бірі тыңдап, өз ойын еркін айтуға дағдыландыру. Оқушылардың мектепке деген құрмет сезімін ояту. Мектеп оқушыларының дауыс беру нәтижесінде ең көп дауыс жинаған 10 "А" сынып оқушысы Тілеш Шұғыла сайланды.