Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды қолдау, игі істер жасау, оқушының шығармашылығын, белсенділігін арттыру мақсатында Абай жббм-де 2024жылғы 4- қараша күні "Белсенді бала - жайлы ортада" тақырыбындағы "Инклюзия" игі істер апталығының ашылу салтанаты өтті. "Әрбір адам, өз бақытының жаршысы" ұранымен өткен шығармашылық күніне логопункт және ықпалдастыра оқылатын оқушылар қатысты. Психолог А.Тукешбаеваның және логопед А.Қожановалардың ұйымдастыруымен жүргізілген "Қызықты логикалық сұрақтар", "Мақалды жалғастыр", "Көңілді қоян" түрлі-түсті қағаздан қоян құрастыру жаттығулары өте қызықты өткізілді. Еңбекке баулу пәнінің мұғалімі Г. Нұрлыбайдың және оқушылардың қатысуымен қолөнер бұйымдарынан көрме ұйымдастырылды.