Абай жббм-де 2024жыл 8-қараша күні оқушылар арасында жағымды қарым-қатынас орнату, бір-бірін сыйлауға, адал дос болуға үйрету, командалық жұмысқа тартып, достығын нығайту мақсатында "Ынтымақтастық күні" өткізілді. "Инклюзия" игі істер апталығының осы күнінде педагог-психолог А.Тукешбаева 2сынып оқушылары және ықпалдастыра оқытылатын оқушылардың қатысуымен "Достық қымбат өмірде" сергіту-тренингін жүргізді. Тренинг барысында "Анаграмма", "Менің есімім", "Ия-жоқ", "Құстар үйірі" ойын жаттығулары жүргізіліп, "Достық" балалар мультфильмі және "Жақсылық бумерангы" бейнематериалы көрсетілді. Тренинг соңында ДОТІЖО А.Байысбай апталықты ұйымдастырған мамандарға алғысын білдірді. Апталық барысында іс-шараға белсене қатысқан логопункт оқушыларына және ЕББҚО-ға мектеп мұғалімдерінен ұйымдастырылған демеушілер есебінен бағалы сыйлықтар тапсырылды.