“Елім менің-тәуелсіз Қазақстан”
Тәуелсіздік- тәңір берген тәтті сый. Бұл күн-ата-бабаларымыздың сан ғасырлар бойы арманы орындалған мәртебелі күн! Қазақстанның басты байлығы- адам және оның бостандығы айқындалған күн! Ел ертеңін еңселеген, бойымызға қуат жиып, әлем елдерімен тереземіз теңесіп, керегеміз кеңейген күн! Тарихтың қойнауына көз жіберсек, болашақ ұрпағы үшін жерімізді қорғап қалу мақсатында қаншама ерлік істер жасалды, қан мен тер төгілді. Жыл сайын жас ұрпақтың санасына қиындықпен келген тәуелсіздіктің теңдесі жоқ байлық екендігін түсіндіріп, жүрек түкпірінде патриоттық сезімдерін ояту- біздің міндетіміз. Келешегіміз кемелденіп, болашағымыз айқындалған бейбіт күнде өмір сүріп жатқан біздер бақыттымыз. Ата-бабамыз аманаттап кеткен ұлан-байтақ жерімізді қадірлей білейік. Тәуелсіздіктің туы төмен түспесін! Тоны тігіліп, түймесі тағылған, болашаққа нық қадаммен келе жатқан Қазақстанымның келешегі ғұмырлы болсын!
Осы орайда Абай атындағы жалпы білім беретін мектебінің ұйымдастырушы педагогы М.Қожабекованың ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 33 жыл толуына арналған 8-10 сынып оқушылары арасында патриоттық әндер мен мәнерлеп оқу іс-шарасы өтті.
Мақсаты:Оқушыларға Қазақстан туралы,оның Тәуелсіздігі туралы мәлімет беру, оқушыларды өз елін сүюге,қадірлеуге,осы елдің ұланы екенін мақтан етуге баулу,өз ана тілін сүюге,әдемі сөйлеуге үйрету.
Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!