Отырар аудандық білім бөліміне қарасты Абай жббм-ің педагог-психологы А. Тукешбаева 2025-жылдың 8-қаңтарында мектеп ұстаздары мен кіші қызметкерлерді қатыстыра отырып, психологиялық сергіту жаттығуларын жүргізді. Отбасында жағымды қарым-қатынас орнату, отбасы құндылықтарының маңызын дәріптеу. Мектеп, ұстаз, ата-ана бірлігін нығайту мақсатында қатысушылармен "Отбасылық қарым-қатынас", "Отбасы және мектеп", "Тұлға" жаттығулары жүргізілді. Тренинг соңында қатысушылар өз әсерлерімен бөлісті