Абай атындағы жалпы білім беретін мектебінде "Орта білім беру сапасын ғылыми-практикалық негізді көтеру" бағдарламасы Тұжырымдамасын жүзеге асыруда "Балдәурен" бастауыш сынып бірлестігінде мектеп оқушыларының білім сапасын арттыру мақсатында эксперимент сыныптардың жұмыстарын ұйымдастыру туралы мектептің жұмыс жоспары жасалып, кесте бойынша сабақтар өткізілді.
Жоспарға сәйкес 1а сынып мұғалімі Мырхиева Айсұлу математика пәнінен, 1ә сынып мұғалімі Әлімбек Бақыткүл математика пәнінен, 2а сынып мұғалімі Орынбасар Салтанат қазақ тілі пәнінен, Тұрсынбаев Ринат орыс тілі пәндерінен тізбектелген Ақылдасу сабақтарын өз дәрежесінде өтіп, білім сапасын арттыруда өз үлестерін қосып, алдағы уақытта, кезекті пәндермен де қарқынды жұмыс жүргізетініне сеніміміз мол. Ақылдасу сабағының мақсаты ұстаздардың өзара тәжірибе алмасып, мұғалімдер сабақа бірлесе отырып жоспар құрып, үлгерімі төмен оқушыларды ынталандыру мақсатында қосымша сабақтар ұйымдастырылып, білім сапасын арттыруда тигізер пайдасы мол.