Отырар ауданы Абай жббм-де 2024 жыл 19-желтоқсанда 9ә сынып оқушыларымен педагог-психолог А.Тукешбаева жасөспірімдер арсындағы буллингтің алдын алу, өзара жағымды қарым-қатынас орнату, бір-бірін сыйлауға, адал дос болуға үйрету мақсатында "Достық қымбат өмірде" тақырыбында тренинг өткізді.
Тренинг барысында "Менің есімім, жақсы көретін пәнім" жаттығуы жүргізіліп, "Буллинг деген не? Неге адамдар бұлай жасайды?" ақпараттандыру слайдтары таныстырылды.
"Достық" мультфильмі көрсетіліп, "Ой толғау" әдісі арқылы оқушылардың ой-пікірі тыңдалды.
Оқушылар арасында өзара жағымды ахуал орнату мақсатында "Кел, жұптасып сурет салайық!" проективті әдісі жүргізілді
Тренинг соңында балалар жұмыс барысындағы өз іс әрекеттерін бағалай отырып, алған әсерлерімен бөлісті.