Ұстаз.Қандай қасиетті сөз. Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Ұлағатты ой иелері де, арман оты жүрегінде алаулаған жеткіншектер де, парасатты қоғам қайраткерлері де бір адамға қарыздар. Ол – Ұстаз!
Ұстаз да диқан сияқты. Ол әр адамның жанына білім дәнін себеді.
Ел мүддесін бәрінен биік қоятын, өзінен кейінгі ізіне ерген ізбасарларына ізеттігін аямайтын, ізінен ерген ұрпағына ұлылығын ұялатып, бір қауымға бас-көз бола білген ардагерлеріміздің орны қашанда ерекше. Осы орайда Абай атындағы жалпы білім беретін мектебінің ұстаздардың ұстазы, бар ғұмырын ғылымға, шәкірт тәрбиелеуге арнап келе жатқан, ұстаз мамандығының қасиеттілігін ұғындырып келе жатқан, білім беру саласындағы ұзақ жылғы жемісті еңбектері және жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуде біраз жетістіктерге жеткен аяулы, ардагер ұстаздарымызды Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтады. Ұзақ жылдар ұстаздық қызметін абыроймен атқарып зейнеткерлікке шыққан қария ұстаз Қалдыбай Кенжеқұлов, Шабаз Омаров, Рая Орынбасаровна сынды ардагерлерімізді құттықтап,мерекелік көңіл күй сыйлай алдық.Мектеп директоры Әбдрайым Ахмет Темірұлының бастамасымен ардагер ұстаздарымызды тұрақты түрде қуантып отыру жалғасын таба бермек.