Отырар аудандық білім бөліміне қарасты Абай жббм-де 9а сынып оқушыларымен буллингтің алдын алу, жағымды эмоционалдық көңіл-күйді орнату, достық қарым-қатынас дағдысын дамыту мақсатында мектептің педагог-психологы А.Тукешбаева "Достық жылы күлуден басталады" тақырыбында тренинг жүргізді.
Тренингте "Буллинг және кибербуллинг деген не? " тақырыбында ақпараттандыру презентациясы таныстырылды.
Сыныптағы шеттетілген оқушылармен жағымды қарым-қатынас қалыптастыру мақсатында "Кірпі және оның достары" мультфильмі көрсетіліп, оқушылардың ашық ой-пікірлері тыңдалды.
Зиянды әдеттерден бойын аулақ ұстау, мектептегі тәртіп ережелерін ұстануда жауапкершілігін арттыру мақсатында "Құқықбұзушылыққа қарсымын" сауалнамасы жүргізілді.
Жасөспірімдер арасындағы өзара жағымды қарым-қатынас орнату, бірлесіп жұмыс жасауға шабыттандыру мақсатында "Кел, бірге сурет салайық!" проективті әдісі барысында бірлесіп бір А4 қағаз бетіне сурет салу ұсынылды.
Тренинг соңында балалар алған әсерлерімен бөлісіп, стикерлерге ой-пікірлерін жазып, кері байланыс жүргізілді.