Абай атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

"Мамандықтың бәрі бар, таңдап талғап бірін ал"

Отырар ауданы Абай жббм-ің 4а сынып оқушыларының қатысуымен мектеп психологы А. Тукешбаеваның ұйымдастыруымен балаларды ББЖМ-ға психологиялық тұрғыда дайындау, кәсіби бағдар беру, заманауи жаңа мамандық түрлерімен таныстыру мақсатында "Мамандықтың бәрі бар, таңдап талғап бірін ал" тақырыбында тренинг өткізілді.

Тренинг барысында "Мен және менің жақсы көретін пәнім", "Атомдар мен молекулалар", "Мен де сен сияқты", "Ең-ең ..." жаттығулары жүргізілді.

Балалар, күн сайын қарыштап дамыған заманда адамзат атқаратын жаңа мамандық түрлері туралы жаңа ақпараттар алды