Абай атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

"Жыл басы наурыз мерекесі Көрісу мерекесі-Амал мерекесі" атты театрланған іс -шара

Абай атындағы жалпы білім беретін мектебінде 14 наурыз күні қазақ тілі мен әдебиет пәнінің ұстазы Шонтық Райхан мен мектептің жас мамандары."Жыл басы наурыз мерекесі Көрісу мерекесі-Амал мерекесі" атты театрланған іс -шара өтті.14 наурыз — Көрісу мейрамы. Көрісу күнінде халық қыстан аман — есен шыққанына қуанып, бір — бірімен қол алысады. Таң сібірлеп атысымен, көрісу мерекесін асыға күтіп отырған әрбір отбасы алдын ала дайындалып қойған дастарханын жаяды. Міндетті түрде бауырсақ пісіріп, дастарханға тәтті — пәттісімен қосып үйіп қояды. Отбасының кішілері үлкендеріне қос қолын беріп, көрісіп шығады. Бір – біріне «Бір жасыңмен!» дейді. Ол «Бір жасқа есеюіңмен! Осы жылға аман — есен жетуіңмен!» дегенді білдіреді. Содан кейін әр отбасы көршілерімен көріседі. Жасы кіші отбасы мүшелері жасы үлкен жанұяларға кіріп, көрісіп шығады. Міндетті түрде әр адам үш үйдің есігін ашу керек, яғни түске дейін үш үйге кіріп, көрісіп үлгеруі керек. Бұл жоралғы жыл бойы балаларымыз тоқ жүрсін, дастарханымыз аралас болсын, қарым — қатынасымызға сызат түспесін деген ниеттен туған.