Абай атындағы жалпы білім беретін мектебінің "Тіршілік" биология, химия бірлестігінде "Жаратылыстану ғажайып әлем" атты айлық іс-шара өтілуде. "Тіршілік" бірлестігінде "Жасыл клуб" экология үйірмесі жұмыс жасайды. Үйірмеге 7, 8 сынып оқушылары тартылған. Үйірме жетекшісі болып, биология пәні мұғалімі Рахымова Гүлжан жұмыс жасайды. Айлық іс-шараға " Экология бізді қоршаған әлем" тақырыбында көрме ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты: оқушылардың экологиялық көзқарасын, санасын ояту, табиғатты қорғауға, аялауға тәрбиелеу. Қоршаған ортаны ластанудан сақтау. Көрмеге үйірме оқушыларының қалдық заттардан жасалынған бұйымдары қойылды. Қазақстанның қазіргі кездегі экологиялық проблемалары туралы фото көрме жасалды