Абай атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

"Зерде" математика , информатика, физика пәндер бірлестігінің "Әлемнің ғажайып үш тірегі" тақырыбындағы айлықтың ашылу салтанаты.

Абай атындағы жалпы білім беретін мектептің "Зерде" математика , информатика, физика пәндер бірлестігінің "Әлемнің ғажайып үш тірегі" тақырыбындағы айлықтың ашылу салтанаты 20 қаңтарда өткізілді. Информатика пән мұғалімі Арынова Салтанат өз сынып оқушыларымен ашылу салтанатын ұйымдастырды. Айлықтың ашылу салтанат барысында жасанды интеллект D-ID программасының көмегімен ашылу салтанатына кызыкты мәліметтер көрсетіп, 6а сынып оқушылары пәндерге байланысты өлең жолдарын оқыды. 10-11 сынып оқушыларына Жасанды интеллект аркылы "Миллион кімге бұйырады" ойынын сұраққа-жауап беру ұйымдастырылып, оқушыларға тәттілер таратылды. Мақсат: Жаңа технология элементтерін пайдалана отырып, оқушылардың математика, физика және информатика пәндері бойынша білімдерін тереңдетіп, қызығушылықтарын арттыру және логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.