Абай атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

“Заң мен тәртіп” айы

Абай атындағы жалпы білім беретін мектепте “Заң мен тәртіп” айы аясында оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға құрмет пен тәртіп мәдениетін қалыптастыру мақсатында бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылып, өткізілді.

Айлық барысында құқықтық тәрбиеге бағытталған алдын алу жұмыстары жүргізілді. Ұйымдастырушы педагог М. Қожабекова мен “Өзін-өзі басқару” ұйымының ұйымдастыруымен іс-шаралар оқушылардың өз құқықтары мен міндеттерін түсінуіне, құқық бұзушылықтың алдын алуға және қоғамдық тәртіпті сақтаудың маңызын ұғынуына ықпал етті.

#ЗАҢменТӘРТІП

#адал_азамат_біртұтас_тәрбие