Абай атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

«Өз құқығыңды білесің бе?»

Абай атындағы жалпы білім беретін мектептің 10-сынып оқушыларымен «Өз құқығыңды білесің бе?» тақырыбында мектептің әлеуметтік педагогы Жүсіп па Анардың жетекшілігімен дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелдің мақсаты – оқушыларға өз құқықтарын түсіндіру, құқықтық сауаттылықты арттыру, заң бұзушылықтар мен құқықтық мәселелерге қатысты дұрыс шешімдер қабылдай білу дағдыларын қалыптастыру. Шара барысында оқушыларға ҚР Конституциясы, адам құқықтары мен балалар құқықтары туралы негізгі ақпараттар берілді. Сонымен қатар, құқық бұзушылықтың алдын алу, өз құқығын қорғау жолдары туралы әңгімелер айтылып, оқушылардың сұрақтарына жауаптар берілді.

Жүсіп Анар оқушылармен интерактивті түрде жұмыс жүргізіп, құқықтық сұрақтар мен жағдайлар бойынша пікірталас ұйымдастырды. Әрбір оқушы өз құқығын қорғау жолдарын, заңдық жауапкершіліктерін жақсы түсіну үшін практикалық мысалдар келтірді.

Бұл шара оқушылардың құқықтық білімін арттырып, оларды жауапты азаматтық позицияны қалыптастыруға ынталандыру мақсатында өткізілді.