2025 жылғы 22 қаңтарда Абай атындағы жалпы білім беретін мектепте Бракераждық комиссия мектеп асханасындағы тамақтану сапасын мерзімдік бағалау мақсатында жоспарлы тексеріс жүргізді. Тексеріс барысында мектеп асханасының санитарлық жағдайы, тазалығы, азық-түліктердің сақталу шарттары мен тұтыну мерзімі толықтай талаптарға сәйкес екендігі анықталды.
Қаңтар айында мектеп асханасындағы ыстық тамақпен қамтылған оқушылардың саны 156-ға жетті. Ас блогы қызметкерлері әр күні асханаға келетін азық-түліктерді тіркеп, олардың сапасын тексеріп, қажетті брокераж журналдарын жүргізеді. Бұл журналдар арқылы дайын тағамдар мен шикі тағамдардың сапасы мен санитарлық талаптары бақыланады.
Сүт және ет өнімдері белгіленген орындарда сақталып, олардың сапасы мен сақтау мерзімі үнемі бақылауда болады. Бекітілген мәзір бойынша дайындалған тағамдардың көлемі мен құрамындағы азықтардың дұрыс мөлшерде болуы қамтамасыз етілген. Дайын ас шығымы талаптарға сай, әрі күнделікті және апталық мәзірлерді салыстырмалы түрде тексеру нәтижесінде ас мәзірі толықтай дұрыс дайындалған.
Қорытындылай келе, мектеп асханасындағы тағам өнімдерінің сапасы, тағамдарды әзірлеу технологиясы және санитарлық жағдайлары толықтай талаптарға сәйкес келеді.