Абай атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

«Тамақтану сауаттылығы» атты іс-шарасы

04 наурыз күні Абай атындағы жалпы білім беретін мектепте жалпыға бірдей міндетті білім беру қорынан тегін ыстық тамақпен қамтуды ұйымдастырылуы бойынша жылдық жұмыс жоспарына сәйкес «Тамақтану сауаттылығы» атты іс-шарасы ұйымдастырылды. Мақсатымыз оқушыларға мектеп асханасында тамақтану әдебі мен қағидалары туралы түсінік беріп, дұрыс тамақтану мәдениетін және сауатын қалыптастыру, пайдалы тамақтану туралы мәлімет беріп, асхана әдебі туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізу.

Іс-шараға 1-11 сынып оқушыларының ыстық тамақ ішетін оқушылары қатысты. Әлеуметтік педагог Жүсіп Анар оқушыларды асхананың жұмыс уақытымен таныстырып, асханада тамақтану тәртібі жайлы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, оқушылар сұрақ қойып, өз жауаптарын алды. Медбике қызметкері Қожахмет Аманкүл ас мәзіріне кіретін тағам түрлеріне тоқталып, күнделікті рационда болуы тиіс тағам түрлеріне, витаминдердің тәуліктік мөлшеріне байланысты ақпараттарды беріп, оқушыларды салауатты тамақтануға шақырды.

Сонымен қатар ас мәзірінде болған өзгерістер мен тамақтану қағидаларын бұзбау, ыстық тамаққа уақытылы бару, асхана мәдениеті жайла ақпараттар берілді.

Іс-шара барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отыра, мектеп акт залында және кей сыныптар үшін сынып кабинеттерінде өткізілді.