“Балдәурен” бастауыш бірлестігінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 34 жыл толуына орай «Тәуелсіз елім» тақырыбында тағылымды ашық тәрбие сағаты өтті.
12 - желтоқсанда 4 «а», 4 «ә» сыныптарының сынып жетекшілері Ж. Егембердиева, Н. Зұлпыхарова, ал 15 - желтоқсанда 1-сынып жетекшісі Қ. Маханбет пен жас маман М. Баймахан, 3-сынып жетекшісі С. Орынбасар ұйымдастырған бұл шарада оқушылар ел тарихын дәріптеп, Отанға деген сүйіспеншіліктерін өнер арқылы жеткізді.
Тәрбие сағатында патриоттық әндер шырқалып, әсем билер орындалып, жүрекке жетер бейнебаяндар көрсетілді. Балалардың елге деген мақтанышы мен рухы әр сәттен айқын сезілді.
Тәуелсіздік – ата-бабамыздың аманаты, ұрпаққа мәңгілік мұра. Осындай тәрбиелік мәні зор шаралар жас ұрпақтың жүрегіне отансүйгіштік ұрығын себері сөзсіз. Тәуелсіздігіміз мәңгі, көк байрағымыз биік болсын!





