28.02.2025ж Абай атындағы жалпы білім беретін мектебінде ұйымдастырушы педагог М.Қожабекова мен әлеуметтік педагог Жүсіп Анардың ұйымдастыруымен “Аналар” мектебі бағдарламасы аясында “Алғыс айту” мерекесіне орай “Сырғалым” ана мен қыз сайысы өткізілді.
Мақсаты: анасы мен қызының арасында ынтымақтастық қарым-қатынас ұйымдастыру, қыз баланы инабаттылыққа, сыпайылыққа тәрбиелеу. Сайысқа 6-7 сыныптың қыздары аналарымен қатысты. Қатысушылар 4 кезең бойынша өздерінің бақтарын сынады. Сайыс таныстыру, өнер көрсету, сұрақ-жауап, қолөнер, үй тапсырмасы сияқты кезеңдерден құралды. Сайысымызға 5 отбасы қатысып, жүлделі орындармен марапатталды.