Түркістан облысы Отырар ауданы Ш.Қалдаяқов ауылының Абай атындағы жалпы білім беретін мектептің 1ә сынып оқушыларымен 21.01.2026жылы ұлттық ойындарды насихаттау мақсатында «Соқыр теке» ойынын ойнатып, таныстырылды. Бұл ойынның мақсаты оқушыларды жылдамдыққа, ептілікке, тапқырлыққа баулу. Ойын үйде де, далада да ойнала береді.Ұлттық ойындарды ойнау ұрпағымыздың ұлттық құндылықтарды бойына сіңіруіне ықпал етеді.
Сынып жетекші: Қаныбекова Гүлзира





