Абай атындағы жалпы білім беретін мектепте 22 наурыз күніне арналған «Наурызнама» мерекелік іс-шарасы аясында 17 наурыз күні мектептің жауапты мамандарымен Шаңырақ күніне орай «Шаңырақтың шаттығы татулықта» тақырыбында отбасы құндылықтарын насихаттауға бағытталған Даналық мектебі «Аналар мектебі» аясында іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – отбасы құндылықтарын кеңінен насихаттау, аналардың қоғамдағы рөлі мен маңыздылығын көрсету, жастарға ұлттық тәрбие мен өнегелі өмір салтын ұсыну. «Аналар мектебі» аясында өткізілген іс-шара барысында отбасылық татулық, өзара түсіністік және бірге болудың маңыздылығы басты назарға алынды. Бұл жоба арқылы ана мен бала арасындағы байланысты нығайтып, өнегелі өмір сүрудің маңыздылығын түсіндіру, ұлттық дәстүрлерді құрметтеу және отбасы мүшелері арасындағы сыйластықты қалыптастыру көзделді.
Шаңырақ күніне орай ұйымдастырылған бұл іс-шара отбасы, қоғам және ұлттық құндылықтарды дәріптеуге үлкен үлес қосып, мектептің тәрбиелік жұмысын жаңа белестерге көтеруге ықпал етті.