Жаңа форматтағы Наурызнама - дәстүр мен жаңашылдықты ұштастыратын, заманауи қоғамға бейімделген Наурыз мерекесін тойлау үлгісі. Қазақ халқының көне дәстүрлерін сақтай отырып, "Шаңырақ күніне" және "Түркістан облысының психологиялық қолдау орталығының" жұмыс жоспарына сәйкес, ерекше білім беруді қажет ететін оқушыға қолдау көрсету, ынталандыру мақсатында, Абай жббм-ің педагог-психологы А.Тукешбаева және қазақ тілі пәні мұғалімі Р.Шонтық үйден оқитын 5 сынып оқушысы Камалдин Нұрасылдың отбасын арнайы құттықтап, сый-сияпаттар ұсынды. Ал, Нұрасыл балаға сабақ барысында пайдалануға тиімді магнит тақтасын (әріптері мен сандар жинағын қоса) тарту етті.