Түркістан облысы педагог-психологтарының біліктілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған бағдарламасы аясында 2024жылғы 20-қараша күні Абай жббм-ң психологы А.Тукешбаева 11-сынып оқушыларын алдағы ҰБТ-ға байланысты сенімділігін арттыру, стрестік қалыптан арылту, бір-біріне деген қарым-қатынасын реттеу мақсатында "Сенім-менің серігім" тренингін өткізді. Тренинг барысында "Менің есімім-менің хоббиім", М.Люшердің "Түстер тесті", өзіндік бағалауын анықтау мақсатында "Өзіндік бағалауың қандай?" сауалнамасы алынып, "Өмірге босқа келмедім" тақырыбында аффирмациялар тізбегі ұсынылды. Тренинг соңында жасөспірімдер сабақтан алған әсерлерімен бөлісті.