Түркістан облыстық псхологиялық қолдау орталығының бағдарламасы аясында АБАЙ жббм-ң 11Ә сынып оқушыларымен, мектеп бітірушілеріне табысты нәтижеге жету үшін психологиялық қолдау көрсету мақсатында мектеп психологы А.Тукешбаева "Сенемін - табысты нәтижеге жетемін!" тақырыбында тренинг өткізді.
Тренинг барысында топты біріктіру, команда қалыптастыру, ептілікке үйрету, ынтымақ пен бірлік аурасын орнату мақсатында "Білесіздер-білмейсіздер", "Құбыр" жаттығулары жүргізілді. Емтихан кезінде өзін реттей алу, сенімділігін арттыру мақсатында мотивациялық жадынамалар үлестірілді. Болашақ өмірін жоспарлауда тәжірибе жинақтау мақсатында "Армандар картасы" құрастырылды.
Тренинг соңында оқушылар алған әсерлерімен бөлісіп, психологқа жылы лебіздерін білдірді