26.09.2025ж
Абай атындағы жалпы білім беретін мектеп КММ аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің тапсырмасына сәйкес сейсмикалық қауіпке дайындық бойынша сейсмо оқу жаттығу өткізілді. Бұл жаттығу – жер сілкінісі кезінде қауіпсіз әрекет етуді үйрену, алдын ала дайын болу мақсатында ұйымдастырылды.
1. Хабарландыру (жер сілкінісінің басталуы)
Жаттығу басталған кезде мынадай хабарлама беріледі:
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! СЕЙСМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙ!
“ЖЕР СІЛКІНІСІ! ЖЕР СІЛКІНІСІ!”
Барлығы қауіпсіздік ережелеріне сәйкес әрекет етсін!
2. Әрекет ету тәртібі:
- Сабыр сақтаңыз.
- Үстелдің астына немесе есік жақтауларына тұрыңыз (бас пен мойынды қолмен қорғаңыз).
- Терезелерден, шкафтардан, ауыр заттардан аулақ болыңыз.
- Электр құралдарын қолданбаңыз.
- Қауіпсіз жерге жасырыну – 30 секунд ішінде.
3. Жер сілкінісі тоқтағаннан кейін:
- Ғимараттан тәртіппен, асықпай эвакуация жасаңыз.
- Мұғалімдер / жетекшілер тізім бойынша түгелдеу жүргізеді.
- Қауіпсіз аймаққа жиналып, жағдай жасалынады.