"Шежіре " тарих- география бірлестігінің Қазақтың тарихы- бірігу тарихы, тұтастану тарихы айлығы аясында 8а, 8ә сынып оқушылары арасында "Ұрпақ ұлттық ойынмен шыңдалады" тақырыбында мектебімізде тарих пәнінің мұғалімі Қ. Ертаевтың ұйымдастыруымен спорттық сайыс өтті. Оқушы бойына ұлттық ойын түрлерін дәріптеген және бірнеше турға бөлінген бұл сайыста "Қыран" тобы 85 ұпаймен "Алаш" тобынан басым түсті.Дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері Н.Нұрланұлы,Асанхан.Н,Бексұлтан.С,Ф.Серікұлы әділқазылық еткен сайыс өте тартысты өтті. Топ басшыларына арнайы мадақтама мен ойын барысында шапшаңдық, шеберлік танытқан топ мүшелеріне арнайы жүлделер табысталды.