Абай атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

“Оқуға құштар мектеп” жобасы “Балалар кітапханасы” бағдарламасы аясында Мұқағали Мақатевтың туған күніне орай ұйымдастырылған “Мұқағали мұрасы - қазақтың қазынасы” тақырыбында поэзия кеші өткізілді.кеші

Түркістан облысы, Отырар ауданы, Абай атындағы жалпы білім беретін мектеп.

“Оқуға құштар мектеп” жобасы “Балалар кітапханасы” бағдарламасы аясында Мұқағали Мақатевтың туған күніне орай ұйымдастырылған “Мұқағали мұрасы - қазақтың қазынасы” тақырыбында 8сынып оқушыларымен поэзия кеші өткізілді.

Іс шараның негізгі мақсаты: Ақиық ақын Мұқағали Мақатаев жырларын өлең сүйер қауымға кеңінен насихаттау. Ақын поэзиясының халыққа кең таралуының мәні және оның өміршеңдігінің сыры неде екенін таныту, түсіндіру, сезіндіру.

Әсерлі кеш барысында ақынның жүрек тебірентер жырлары оқылып, шығармашылығы талқыланып, тамаша көңіл күй сыйлады.

“Ғасыр ақыны” атанған Мұқағали жырлары жылдан-жылға, ғасырдан ғасырға жалғаса бермек! Мұқағали мәңгілік өмір.

Ұйымдастырғандар: кітапхана меңгерушісі М.Сүлеймен және сынып жетекшісі Ж.Көбекова