Түркістан облысы, Отырар ауданы Абай атындағы жалпы білім беретін мектеп. “Оқуға құштар мектеп”, “Балалар кітапханасы” жобасы аясында кітапханашы Сүлеймен Мадинаның ұйымдастыруымен 6”ә” сынып оқушыларымен 23 қаңтар күні Ілияс Есенберлиннің 110жылдығына орай “Қазақ тарихының әдеби суреткері -Ілияс Есенберлин” тақырыбында әдеби танымдық кеш өтті.
Мақсаты Ілияс Есенберлиннің шығармашылығын таныстыра отырып, оның қазақ тарихына қосқан үлесін көрсету, оқырмандарға қазақ халқының бай тарихы мен мәдениетіне деген қызығушылығын арттыру. Шара барысында оқырмандар жазушының еңбектерін талдап өз ойларын ортаға салды өлең дастандарын нақышына келтіріп оқыды.