Отырар аудандық Білім Бөліміне қарасты Абай жббм-ің педагог-психологы А.Тукешбаева 4 "ә" сынып оқушыларымен "Ой мен ойын" тақырыбында сергіту-тренингін өткізді.
Оқушылардың логикалық ойлауын, , зейінін, есте сақтауын дамыту, ББЖМ-ға дайындығы барысында психологиялық сүйемелдеу мақсатында "Мен және менің сүйікті ұстазым", "Мақал жалғасын тап", "Суреттер сөйлейді", "Анаграмма" жаттығулары және "ББЖМ-ға дайындығың қалай?" сауалнамасы жүргізілді
Балалар топтасып, ынтымақтастықта, достықта бірігіп жұмыс жасай білді.
Тренинг соңында "Тілек шамы" әдісі арқылы алған әсерлерімен бөлісті