Абай атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

"Өнер-ұлттың асыл қазынасы" тақырыбында аралығында он күндік

Абай атындағы жалпы білім беретін мектебінде 2024-2025 оқу жылында "Шеберлер" көркем еңбек пән бірлестігінің "Өнер-ұлттың асыл қазынасы" тақырыбында 03-14 наурыз аралығында он күндік іс-шараға арнайы бұрыш жасалынып, жоспармен таныстырылды. "Ұлттық құндылықтар" тақырыбында сурет көрмесі, "Шеберлік —шексіз байлық" қолөнер көрмесі көрсетілді. Тігінші үйірме жетекшісі Г. Аметбекованың ұйымдастыруымен "Өнерлі ұрпақ-кемел болашақ" тақырыбында 5-6 сынып қыздар арасында сайыс сабақ өтті. 5 "ә" сыныбында көркем еңбек пән мұғалімі Ш. Бегимбетова "Бұйым дайындау" тақырыбында ашық сабақ өткізді. Он күндік іс-шара қорытындысында белсене қатысқан оқушылар марапатталды.