Отырар аудандық білім бөліміне қарасты "Абай атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ-де "Ахмет Байтұрсынұлы атындағы"Талдау"ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығы" АҚ ұйымдастырған "Мектептерге арналған PISA" зерттеуі өткізілді. Аталған зерттеу- экономикалық ынтымақтастықтың және даму ұйымының халықаралық стандарттарына сәйкес әзірленген жоба. Зерттеу 15 жастағы оқушылардың функционалдық сауаттылық деңгейін және қазіргі әлемде сыни тұрғыдан ойлау және өз білімдерін шығармашылықпен қолдану қабілетін бағалауды мақсат етеді. "Мектептерге арналған PISA" 2022 жылдан бастап жүргізіліп келеді және дәстүрлі бағалау бағыттары (оқу, математикалық және жаратылыстану сауаттылықтары) бойынша жүргізіледі.Оқушыларға РІSA тапсырмалары толық түсіндіріліп, мамандармен бірлесе отырып, мектеп психологтары да жұмыс жүргізді. Қазіргі таңда мектебімізде 33 оқушы "Мектептерге арналған PISA" тапсыру үстінде. Олар 9 және 10 сынып оқушылары. Оқушыларымызға сәттілік тілейміз!